Өскеменде зілзала кезіндегі қауіпсіздік ережелері жазылған автобус билеттері пайда болды

676
көрілім

ШҚО ТЖД жер сілкінісі кезінде қандай қауіпсіздік шараларын атқару керектігі жөніндегі ақпаратты таратуды қоғамдық көлік арқылы жүзеге асыруды қолға алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департаменттің мәліметіне сәйкес, Шығыс Қазақстан аумағының 60 пайызы сейсмикалық тұрғыда қауіпті саналады. Сәуір айының басында ғана аймақ аумағында 3-4 балдық жер сілкінісі тіркелген болатын.

Құтқару қызметінің хабарлауынша, бүгінгі күнге дейін шағын жазбасы бар 50 мыңға жуық автобус билеті басылып шыққан.

Өте жақсы бастама. Мұндай маңызды ақпаратқа былайғы күнде назар аудара қоймайсың. Шағын ғана жазбаның үйретері мол. Әйтпесе, білместіктің салдарынан адам қапелімде сасқалақтап қалуы мүмкін. Ал автобус билеті арқылы онсыз да жолды қысқарту үшін жазбаға мән беретіндер болады, – дейді автобус жолаушысы.

Департамент бұл әдісті бұрын да қолданғанын атап өту керек. Бұрын құтқарушылар суға түсу маусымы мен өрт қауіпсіздігі туралы қауіпсіздік ережелерін автобус билеттері арқылы таратқан болатын.

«Билеттегі жазбалар қазақ тілінде басылып шықты ма?» деген сауалға ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мамандары әзірге жазба қазақ тілінде шығарылмағанын, алдағы уақытта ережелер мемлекеттік тілде басу жоспарда барын хабарлады.

Мейрамбек Қосажан