Өскеменде «Зұлмат» драмасы сахналанбақ

213
көрілім
Фотосурет: 2gis.kz

28 маусым күні сағат 19:00-де ШҚО драма театрында Қолғанат Мұраттың «Зұлмат» драмасы көрермен назарына ұсынылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Спектакльдің қоюшы-режиссері – осы уақытқа дейін шығысқазақстандық көрерменге «Өмір – өзен», «А.Л.Ж.И.Р.» қойылымдарының режиссері ретінде танылған Абай Дәулетұлы.
Мың өліп, мың тірілген қазақ халқының басынан небір қиыншылық пен зұлматты жылдар өткендігі тарихтан белгілі. Бұл уақыттағы тарихтың әлі де толық ашылмаған тұстары жеткілікті.
Қойылымда Зайсан ауданында заман қасіретіне ұшыраған Шой ананың небір нәубет тартса да, асқан қайсарлық танытқаны  бейнеленеді. Сол ауылда тұрақтап, баласын аман сақтап қалу үшін қолындағы алтындарын сатып, қорқыныш пен үреймен таңын атқызып, күнін батырады. Елде қалған балаларын ойлағанда етегі жасқа толады.
Драманың негізгі идеясы – әйел тағдыры. Ақ пен қараның, ерлік пен ездіктің, ізгілік пен зұлымдықтың, адалдық пен сатқындықтың майданы адамзат тағдырында қатар жүреді.
Билеттер жөнінде: 71-00-79; 8 (776) 871-00-79 (касса)