Өскеменде "Зұлмат жылдар елесі” атты интерактивті әдебиеттер көрмесі өтті

357
көрілім

Облыстық кітапханада саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған әдебиеттер көрмесі өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі

31 мамыр – ел тарихындағы азалы кезеңді еске алатын күн. Осыған орай А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада ұйымдастырылған «Зұлмат жылдар елесі» интерактивті әдебиеттер көрмесі Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі – жаппай саяси қуғын-сүргін және миллиондаған адамның қаза болуына әкеп соққан ұжымдастыру жылдарындағы ашаршылық тарихына арналады.

Кітапхана қызметкері  Бақытгүл Қалиеваның сөзінше, бұл көрмеде әртүрлі басылымдармен қатар жинақталған шығармалардың қорын көруге болады.
 
— Көрмеде ашарлық құрбандарының және сол заманмен тұспа-тұс келген Алаш қайраткерлерінің өмірі баяндалады. Біз қазақстандық тарихшылардың еңбектерінен бөлек, шетел ғалымдарының да зерттеулеріне жүгіндік. Өткізіліп отырған шараға қаладағы колледж студенттері мен мектеп оқушыларын шақырдық. Олардың қызығушылығын оята отырып, Алаш қайраткерлерінің еңбектерін, саяси қуғын-сүргін құрбандарының кім екендігін көрсеттік, - деді кітапхана қызметкері.