Өскемендегі 12 көшенің жол жөндеу жұмыстары маусым айының ортасында аяқталады

728
көрілім
Облыс орталығындағы ағымдағы жол жөндеу жұмыстары 32 мыңнан астам шаршы метрді құрады. Жалпы бөлінген қаражаттың 119 млн теңгесі игерілген, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Қазіргі уақытта Өскемен қаласындағы 12 көшенің көлік жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жауапты мердігерлердің сөздеріне сүйенсек, бұл жұмыстар 15 маусым күні өз мәресіне жетеді. Осы ретте, аймақ басшысы Даниал Ахметов мердігерлердің өз жұмысын дәл мерзімінде аяқтауын қадағалайтынын айтты.

Естеріңізге сала кетсек, облыс орталығындағы Абай даңғылы, Тәуелсіздік, Согра, Революзия, Пермитина, Скалистая көшелерінің көлік жолдарына жүргізілген орташа жөндеу жұмыстары аяқталған болатын.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ