Қалпына келтіру жұмыстары маусым айының басынан бастап жүргізілген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ дерегінше, 1-ші маусым мен 5-ші тамыз аралығында қаладағы 216 көшеде 2412 шам орнатылып, жарықтандыру мәселесі біржақты етілді. Оның ішінде, 1561 шам ауыстырылып, зарядтау сымдарын жаңартылды.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) "Өскемен мен Семей қалаларындағы көшелерді жарықтандыру жүйесін жаңарту" жобасы бойынша несиелік шарт жасасқан болатын. Ал 2019 жылы өңірлік мемелекеттік-жекешелік әріптестік орталығы "Everlight Electronics Co." шетелдік компаниясымен көшені жарықтандыру жүйесін жаңғыртуға арналған келісімшарт жасады.
— Серіктес «Еverlight Electronics Co.» компаниясы келісімшартта көрсетілген өз міндеттемелерін орындамады, осы жылдың маусым айында компанияға келісімшартты бұзу, көше жарығын қалпына келтіру және айыппұл санкцияларын өтеу туралы талап қойылды, — деп хабарлады облыс әкімдігіндегілер.
Шағым орындалмаған жағдайда "ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы" АҚ сотқа талап арыз беруге ниетті.