Тұрғындардың айтуынша, қазір қалаға қатынау мүлде мүмкін болмай отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мәлім болғандай, аталмыш аудан тұрғындары осыған дейін талай рет қала әкімдігіне барып өтініш-тілектерін жеткізгендерімен, жауапты тұлғалардың құлағына әлі де жетпеген.
– Осыған дейін қалаға Қ.Қайсенов кентінен жүретін автобустарға отырып, жетіп жүрген едік. Қазір Меновное ауданына жаяу барып, сол жерде автобус күтуге тура келеді. Діттеген жерімізге де көп жағдайда кешігіп барамыз, – дейді Әсем Мұхтарова (аты-жөні өзгертілген). – Бұл мәселеге мән берер ешкімнің болмай тұрғаны өкінішті. Тіпті, қала сыртындағы саяжайларға дейін автобустар жүреді. Сонда бізге не істеу керек?