Аталған нысанда жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылына дейін аяқталады деп жоспарлануда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өңір басшысы Ермек Көшербаев №2 мектепке барды. Өз сөзінде ол балалардың жайлы жерде білім алуы тек ғимарат ішінде ғана емес, оған іргелес аумақта да қамтамасыз етілуі керектігін атап өтті.
– Мұнда асфальт төсеуге қанша уақыт керек? Осы мәселе тезірек шешілуі керек, - деді облыс әкімі білім басқармасы мен мектеп басшылығына.
Сондай-ақ ол мектеп аумағын абаттандыру мәселесін тез арада шешуді тапсырды.