Өскемендегі 42 мектептің ғимаратын жөндеуге 1,5 млрд теңге бөлінген

1098
көрілім
Шартты фотосурет

Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар шаһардың әлеуметтік саласын дамытудағы жобалармен танысу барысындағы мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыс әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасы бойынша Самал саябағында бірегей спорттық нысанның құрылысы басталған болатын. Жақсылық Мұқашұлының айтуынша, BMX велосипедтеріне арналған велотрасса олимпиадалық стандарттарға сай Қазақстандағы алғашқы жол болмақ. Бұдан бөлек, білім беру мекемелері жайлы да қуанышты хабар жеткізді.

- Биыл қаладағы 42 мектептің ғимаратын жөндеуге бір жарым миллиард теңге бөлінген. Бұл жұмыстардың барысын жеке бақылауыма алып, күнделікті тексеру жүргізуді жалғастырамын. Сонымен қатар барлық мектептерде бөгде адамдардың кіруіне шектеу қоятын турникеттер мен «SOS дабыл түймесін» орнату жұмыстарының басталып кеткенін хабарлаймын, - деді әкім.