Ресми ақпаратты облыстық Білім басқармасының басшылығы ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Соған сүйенсек, № 50 жалпы білім беретін мектепте орыс тілінде оқытатын сыныптар ашу үшін қажетті өтінімдер саны жиналмаған.
- Қазіргі уақытта орыс тілінде оқығысы келетін білім алушылардың өтінім саны мынадай: 1 сыныпқа – 11; 2 сыныпқа – 17; 3 сыныпқа – 7; 4 сыныпқа – 6; 5 сыныпқа – 17; 6 сыныпқа – 9; 7 сыныпқа – 17; 8 сыныпқа – 8; 9 сыныпқа – 8; 10 сыныпқа – 9; 11 сыныпқа – 4 өтінім түсті, - делінген мәліметте.
Сонымен қатар басқарма қазақ тілінде оқытуға 400-ден астам өтінім түскенін атап өтті.