Өскемендегі Ана мен бала орталығында жаңа деп ескі жабдықтар қолданылып келген

138
көрілім
Фотосурет Inbusness.kz

Жуықта өңір бойынша Денсаулық сақтау саласына жүргізілген тексерістер тәмамдалды. Соның аясында 15 жемқорлық тәуекелі анықталған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаменті басшылығының мәліметінше, медициналық қызмет түрлерінің сапасына кері әсер беретін фактілер тіркелді. Айталық, әлеуметтік мекемелерге ішкі анализдер жүргізу кезінде ескірген жабдықтардың жаңа деп қолдану жағдайлары анықталды.
– Мұндай жайт Өскемендегі Ана мен бала орталығында болды. Медициналық құрал-жабдықтар біршама ескірсе де, науқастарға солар арқылы қызмет көрсетілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмас үшін облыстық Денсаулық сақтау басқармасына сатып алу бағасын дұрыстап бекітіп, рет-ретімен қадам жасау туралы ұсыным білдірдік. Медицинаға қажет жабдықтардың уақтылы жеткізілуін бақылау үшін тоқсан сайын мониторинг жүргізіліп тұрады, – деді Департамент басшысы Денис Шакенов.

Әділхан ЕСІМХАНОВ