Өскемендегі аты жоқ 23 көшеге атау беріледі

795
көрілім

Облыс орталығында жиырма шақты көше атаусыз тұр. Осы себепті, қалалық әкімдік жаңа атау берілетін көшелердің тізімін ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Атауы жоқ көшелер көп жағдайда қаланың жаңадан салынып жатқан ықшам аудандары мен қала шетінде орналасқан. Арнайы құрылған комиссия көшелерді төмендегі атауларға көшіруді ұсынып отыр.

Бабкина мельница ауданында:

  • Жағалау
  • Рауан
  • Ақтоған
  • Шуақты

 

Меновное ауылында:

  • Керуен
  • Шұғыла
  • Саялы
  • Ақниет
  • Ынтымақ
  • Көкжиек

Лесхоз ауданында:

  • Лесная
  • Шиелі
  • Қарағаш
  • Теректі
  • Жусанды
  • Тастақ

Күленов кентінде:

  • Жоталы

Бастау көшесінде:

  • Қайнар

Ахмер ауылында:

  • Жаңажол
  • Күнбатыс
  • Өрнек

19 және 20 аудандар арасындағы даңғылға – Бостандық аты беріледі

23 аудандағы көше – Өркениет деп аталатын болады.

Десе де, көше атауларының нақты осылай аталатыны әлі шешілген жоқ.