Өскемендегі "Азия авто" кәсіпорнының көліктері Қытайға экспортталды

608
көрілім
Жыл басынан бері қазақстандық «Азия Авто» зауыты құрастырған 204 дана «Лада» автокөлігі Қытайға экспортталды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «ҚазАвтоПром» Қазақстан автомобиль саласының кәсіпорындары одағының басқарма төрағасы Олег Алферов мәлім етті, деп хабарлайды buqara.kz сайтының тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
— Елдегі автокөлік сатылымының және шығарылымының екі жылдық құлдырауынан кейін 2017 жылдың І тоқсан қорытындысы позитивті жаңалықтарға толы. Қазақстандағы автомобильдерді шығару көлемі үшінші ай қатарынан өсіп келеді, сатылымдар екі тоқсан бойы артты. Өткен жылы еліміздегі сатып алушылардың 19% ғана Қазавтопром ұсынысын қабылдаған еді, ал бүгінде әрбір үшінші сатып алушы Қазақстанда шығарылған көлікті таңдайды, — деді Олег Алферов.
Сонымен бірге, О. Алферов қазақстандық зауыттардың экспорттық жағдайына шолу жасап өтті.
— Жыл басынан бері «Азия Авто» зауыты шығарған көліктердің 7% немесе 204 данасы Қытайға экспортталды. Әрине, Қытай — тартымды сыртқы нарықтардың бірі. Бірақ ондағы баж салығы, тарифтің жоқтығы кедергі болса да, «Азия Авто» зауыты Қытай нарығына 204 дана автокөлік жіберілді. Сондай-ақ, 2016-2017 жылдары Қырғызстан мен Түрікменстан нарықтарына қазақстандық автокөліктердің пилотты партиялары жеткізілді. Біріккен Араб Әмірліктерінің нарығына да «Лада» жол талғамайтын көліктері қойылды, — деп атап өтті «ҚазАвтоПром» бірлестігінің басқарма төрағасы.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз http://www.inform.kz/kz/kazakstan-kolikteri-kytayga-eksporttaldy_a3019086