Өңір басшысы Ермек Көшербаев Опытное поле, Белоусовка ауылдарындағы, Өскемендегі Бабкина Мельница шағын ауданындағы «Жайлы мектептерінің» құрылыс жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Глубокое ауданындағы Белоусовка және Опытное поле ауылдарындағы «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан нысандарды аралады. Барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, екі нысанда тіреу қабырғалары тұрғызылды. Сондай-ақ өңір басшысы Бабкина Мельница шағын ауданындағы мектеп құрылысын тексерді. Жоспар бойынша учаскедегі жұмыстарды қыркүйек айында аяқтау жоспарланған еді. Алайда қазіргі уақытта құрылыс кезеңі белгіленген жоспарға сай емес.
- Мердігер құрылыс жұмыстары үш ауысымда жүріп жатыр дейді. Бірақ нәтиже көрінбейді. Сондықтан бұл мектептің құрылысын ерекше бақылауға алу керек, - деп атап өтті облыс әкімі.
Айта кетейік, өңірде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жыл соңына дейін 7 мектепті аяқтау жоспарланған.