Мемлекеттік мектепке дейінгі мекемеде болған оқиғаға қатысты ШҚО Полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды buqara.kz.
Қалалық Білім бөлімінің мәліметінше, бұл оқиға баланы ата-анасына бергеннен кейін болған.
- 4 жастағы бала баспалдақтағы қоршауға шығамын деп құлап қалды. Оқиға орнына тез арада жедел жәрдем шақырылып, бүлдіршін ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, болған оқиғаға байланысты баланың ата-анасы жауапкершілікке тартылмайды.
Валентина СЕЙІТҚАНОВА