Өскемендегі «Бәйтерек» монументі басқа жерге көшіріле ме?

364
көрілім
Фотосурет ашық дереккөзден

Аймақ басшысы Ермек Көшербаев қаланы дамыту бойынша өткен кеңесте Ертіс көпіріндегі айналмалы көлік қозғалысы мәселесін қарауды ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жиында талқыланған бас жоспар мен аумақтарды дамыту жоспары қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталуы тиіс делінген. Сондай-ақ өңір басшысы Ертіс көпірінде қолайлы жол жағдайын ұйымдастыру мәселесін көтерді.
- «Бәйтерек» монументі маңындағы жол айрығын тағы бір мәрте зерттеп, тиімді жол жүрісін бекіту қажет. Мүмкін ескерткішті көшірген абзал,- деді Ермек Беделбайұлы. 
Естеріңізге сала кетейік, облыс орталығында Е.П.Славский жағалауы мен Пермитина көшесін қосатын жол салынып жатыр. Құрылыс Ертіс көпірінің астынан өтеді. Жаңа жол айрығы көлік қозғалысын айтарлықтай жеңілдетеді деп күтілуде.

Қымбат МУХАМАДИЕВА