Аталған мекемедегі іс-шара Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
30 жылдық тарихы бар білім инновациялық орталығында аталған шара облыстың әр түкпірінен жиналған нәзік жандыларды құттықтау мақсатында арнайы қолға алынды. Құттықтап қана қойған жоқ, ақ дастархан жайылып, концерттік бағдарлама ұсынылды. Оларға жылы лебіз білдіріп, көпшілік арасында тартымды әңгіме өрбіді.
Аталған орталық жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша білім береді және оқушылар негізінен ағылшын тілінде оқиды. Орталық қызметкерлерінің сөзінше, лицейде 7-11 сынып аралығындығы тек ер балалар оқытылады.
- Білім орталығына түсу үшін алдымен емтихан онлайн түрде өткізіліп, қазақ тілінде жүргізіледі. Лицей бағдарламасы бойынша білім ошағына түскендерге пән сабақтарынан бөлек, аптасына 9 сағатын ағылшын тілін үйретеді, - деді олар.
Айта кетерлік жайт, лицей түлектерінің арасында шоқтығы биік мекемелерде еңбектеніп жүргендер де бар. Мәселен, қазіргі уақытта Игорь Ганичев есімді орталық түлегі Google компаниясында жұмыс істейді.