1899 жылы желтоқсан айында уездік орталықта бұрын болмаған оқиға орын алды. Қалаға синематограф келді. Сол күнге дейін бұл жаңашылдық тұрғындарға тек астаналық газеттерден таныс еді. Халық сеанстарға лек-легімен бара бастады. Сеанстар батальондік оркестрдің ойынымен көркемделіп, киноаппарат құрылғысының жұмысы түсіндірілетін.
«Біздің көргеніміз күткенімізден де асып түсті, иллюзия толық болды, — деп сипаттайды көрермендердің алған әсерін «Сібір өмірі» газеті. — Көз алдымызда еуропаның бас қалалары— Париж, Лондон, Берлин, Мадрид және т.б. көшелерінің өмірі айқын, анық көрініс тапты. Әсіресе кейбір картиналар ерекше әсер қалдырды: әйелдердің ұрсысуы, қар лақтырып ойнау, Сенада салмен суға түсу, туды қорғау, карта ойнау кезіндегі кикілжің, теңіздің соқпа толқындары… Синематограф халықтың көңілінен шыққан сияқты, басқаша болу мүмкін емес: синематограф — адам ақылының, адам ойының ең ұлы жетістігі!»