Өскемендегі «Горизонт» дүкенінде халықты дүрліктірген сөмкеден азық-түлік шықты

725
көрілім

Бүгін түскі сағат 12:00 шамасында Өскемен қаласының Михаэлис көшесінде орналасқан «Горизонт» дүкенінде белгісіз біреудің спорттық сөмкесі табылған. Дүкен сатушылары күдікті сөмкеден қорқып, құқық қорғаушыларға хабар берген екен.

ШҚО ІІД баспасөз қызметінің бастығы Бақытжан Торгаевтың айтуынша, оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері дүкендегі адамдар мен сол дүкен орналасқан үйдегі 300-ден астам адамды эвакуациялаған, алайда тұрғындардың қорқынышы негізсіз болып шықты.

Хабарлама түскеннен кейін бірден қауіпсіздік шаралары қола алынып, «Горизонт» дүкеніндегі адамдар және сол дүкен орналасқан үйдің тұрғындары сыртқа шығарылып, 300-ден астам адам эвакуацияланды. Михаэлис көшесінде автокөліктің жүруіне тыйым салынды. Полиция қызметкерлері сөмкені тексере келе ешқандай күдікті заттар анықталмай, сөмкеден азық-түлік табылды. Сөйтсе, Глубокое ауданының тұрғыны сол дүкенге келіп, сөмкесін ұмытып кеткен екен. Спорттық сөмке иесіне қайтарылды. Дүрлігудің ешқандай негізі жоқ, – дейді Бақытжан Торғаев.

Аян Өрібаев