ШҚО бойынша бас мемлекеттік санитарлық дәрігері 25.06.2020 жылғы қаулысының негізінде 27 маусымнан бастап ХҚКО бойынша Өскемен қалалық бөлімдері карантиндік шараларды сақтау мақсатында жұмыс уақытына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ШҚО бойынша филиалына сілтеме жасап.
Филиал мамандарының айтуынша, құжаттарды қабылдау санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 1414 байланыс орталығы немесе egov.kz сайтындағы арнайы сервис арқылы кезек уақытын алдына ала брондау арқылы жүзеге асырылады.
– Айта кету керек, мемлекеттік қызметтің 80%- дан астамы электронды форматта қол жетімді. Мемлекеттік қызметтерді egov.kz электронды порталы, eGov Mobile мобильді қосымшасы және телеграмдағы egovkzbot2.0 боты, сондай-ақ Facebook және Vk әлеуметтік желілері арқылы алуға кеңес береміз, – дейді мамандар.
Сондықтан көрсетілген кестеге сәйкес ХҚО-ға баруды броньдау қажет ХҚКО-ның жұмыс кестесі: Дүйсенбі-сенбі аралығы 9.00-ден 17.00-ге дейін.