Өскемендегі қалаішілік жолдардың жыл сайын шұрқ тесік болуына не себеп?

737
көрілім

Кейде жауапты тұлғалар мен әкімдіктердің берген жауаптары жалықтырып, жаттанды болғандықтан шығар, мәселе қозғалса да істің ретін табу мүлде мүмкін емеске саятындай. Неліктен? Қоғамдық көліктердің тым сирек қатынап кеткендігі өз алдына бөлек мәселе, қалаішілік жолдардың шұрқ тесік жолдардан көз ашпай, жаңбыр жауса жыртық асфальт бетіндегі көлшіктерден шашырайтын шалшық су тұрғындардың да мазасын алып біткендігі жасырын емес. Жол жөндеу жұмысы жыл аралап жалғасын тауып жатса да, сапасы төмен болу себебін қала әкімдігінен анықтап көрген едік, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Кетеуі кеткен көшелер

Қалалықтар әлденеге күмәнді. Көңілдері күпті. Неден күдектенеді? Соңғы уақыттары түрлі ойдың жетегіне кетулеріне не себеп? Ең алдымен «шаһарымызда өзгерістердің болып жатқаны рас, мақтанарлықтай емес» деген әңгіме лебі аялдамада тұрғанда жолаушылар тарапынан дүркін-дүркін құлаққа шалынып қалады. Әлдеқандай керікетушілік бар деп топшылауда. Соның бір себебі автобус мәселесі. Алайда бұл туралы көлемді мақала газетіміздің келесі санында жарық көрмек. Тағы бір тұсы, қала көлемінде, одан қалса аулаішілік жолдардың еріген қар суы мен жауын-шашын салдарынан айналасы бірнеше метрді қамтитын көлшікке айналуы Өскемен бойынша бірден болмаса да, біртіндеп жөндеу жұмысын қажет ететіндігіне саяды. Қош, аулаларға қатысты мәселелер бөлек бөлім тарапынан қолға алынуы тиіс болар, ал Өскемен жолдары жағдайының тым нашарлай түсуі қала әкімдігінің тікелей араласуымен іске асырылады. Дегенмен сәуір айының басында белгілі бір тірліктер қолға алынып, ауыр техникалар әр жерден сапасы сыр беріп, тесіле бастаған асфальтты «әрлеуге» көшкен. Славский, Бажов көшелері, Гагарин бульвары, Назарбаев даңғылы және тағы басқа мекенжай жолдары атүсті әрекет емес, жоспарлы жұмысты қажет етеді. «Бір-екі жыл бұрын ғана жаңадан асфальт төсеп, бар шаруаны тындырғандай еді, кетеуі қайта кете бастаған ба?» деген Гагарин бульвары тұрғындары тағы бір өзгеріс жөндеу жұмыстарының да соңғы кезде жүрдім-бардым атқарылуына байланысты екендігін аңғартты.

Орынбасардың ойы

Соған қарағанда қала әкімдігі қадағалауына алған мәселе әу баста күрделі емес, орташа жөндеу жұмысы болып атқарылғандай. Әйтпегенде кемі екі-үш жыл мұрты бұзылмай тұрар ма еді?!

– Қазіргі уақытта тендерлік рәсімдер жалғасуда. Жұмыстар осы жылдың көктем-жаз айларында жүзеге асырылады, – деген қала әкімінің орынбасары Денис Федченко биыл қай жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілетінін (кесте түрінде) ұсынды.

Мекенжай (көше, даңғыл)

Жөндеу түрі

1

Лихарев

 

 

 

 

 

Орташа

 

 

 

2

Космическая

3

М.Горький

4

Сейфуллин

5

Мостовая

6

Лев Толстой

7

Гагарин бульвары

8

Тынышпаев

9

Сәтпаев даңғылы, (Жібек жолы көшесінен Ертіс көпіріне дейін)

10

Славский жағалауынан (Әуезов даңғылынан Ертіс көпіріне дейін)

11

Красин кентінен Лесхозға апаратын жол

 

Осылайша, қала әкімдігі мәселе төркініне үңілуден жалтарып кетті. Өкініштісі сол, шаһар шенеуніктері қаржы жағына келгенде қайтадан кежегесі кейін тартып, нақты жауап ұсынудың орнына ырымын жасап екіұшты сөйлемдерін тізбектей салумен шектелді. Жіберген ресми хаттың ең соңғы сөйлемін «Аталған жауаппен келіспеген жағдайда заңнамаға сәйкес шағымдануға құқылысыз» деп аяқтауды әдетке айналдырған.

Жағдайды жасыра ма?

Әуел баста жіберілген жеті сұраққа толық жауап берсе, сөйлем соңына тоқталмас та едік, алайда биыл қалаішілік жолдарды жөндеуге қанша қаржы бөлінгендігі туралы сауалымыз сол күйі қалғаны көңілге күдік ұялатты. Тиісті жұмыстарды жүргізетін мердігер ұйым туралы мүлде жазылмаған. Сонда қала басшылығы нені жасырады? Мердігер ұйым мен бөлінген қаржы мәселесіне келгенде мемлекеттік құпияны ашып қоюға жүрексінгендей қуыстануларына не себеп? Аулаларды жөндеу туралы сауал қойылғанда да «бөлінген қаржы» деген тұсқа көз жұма қарағандай. Берген ақпараттары:

– Бүгінгі таңда арнайы комиссиямен бірлесе «Менің аулам» бағдарламасы аясында аула аумақтарын абаттандыруға өтінімдер қарастырылуда. Алдын ала жоспарланған аулалар саны – 35. Ал Тоғас көшесі мен Қазақстан көшесі аумағындағы Ертіс өзені арқылы өтетін көпірді қайта құру жұмыстары биылға қолға алынады, – деген сөйлеммен аяқталып тұр.

Өскемендіктердің көпшілігі дерлік №17 автобус маршрутының өзгерісін байқаған болар. Бұрындары Ушанов көшесімен айналма жол арқылы Михаэлис көшесіне бұрылатын қоғамдық көлік қазір бағытын «Спорт сарайы» аялдамасына тоқтап, әрі қарай Абай және Назарбаев даңғылы арқылы жалғастырып келеді. Жол жөндеу жұмысына байланысты осындай уақытша өзгеріс енгізілген.