Жақында орман ресурстарына деген ұқыптылықты насихаттау және облыс орталығының экологиялық жағдайын сауықтыру мақсатында ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Халық орманы» атты акциясын өткізді. «Қазақстан» тауының баурайында өткен акцияға жалпы 300-ден астам тұрғын қатысты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Өскеменде «Халық орманы» акциясы барысында шамамен 1500 дана ағаш-бұталар тұқымы (қайың, қазақстандық терек және т.б.) отырғызылды. Шараға Экологиялық қауіпсіздік орталығының, медициналық мекемелердің және құқық қорғау органдарының өкілдері мен жергілікті тұрғындар қатысып, қаланың көркеюіне өз үлестерін қосты. Айта кету керек, «Халық орманы» акциясы жыл сайын ұйымдастырылып тұрады.