Өскемендегі кітапхана қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеу мақсатында челлендж өткізді

244
көрілім

О.Бөкей атындағы қалалық кітапханада өткен бұл шарада мектеп оқушыларына ұлттық ойындарды заманауи технологиямен қалай үйлестіруге болатындығы көрсетілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқы төрт түліктің етін, жүнін, терісін пайдаланып қана қоймай асықтарын дорбаға салып жинап отырған. Бала кезімізде барлығымыз қойдың, ешкінің құлжасын алып жердің топырағын бұрқыратып ойнаған едік. Жастар ұялы телефондарын тастап «Бес Тас», «Тоғызқұмалақ», «Асық» сияқты ойындарды ойнаса қуанып қалатынымыз хақ. Қазіргі кезде ұсақ моториканы әртүрлі құрастырғыш ойыншықтар дамытса, сол заманда табиғи ресурстар баланың даму қабілетінің негізі болған - дейді кітапхана қызметкері Айдариға Әшірап.

Оның айтуынша, бұл ойындар мектептің оқу жүйесіне енгізіліп, дене шынықтыру пәнінде ойнатылу керек.
Кітапхананың төрінде оқушылар топ жарып асық атса, киіз үйдің ішінде VR дулыға арқылы  вертуалды әлемді шарлап қайтты.

Валентина СЕЙІТҚАНОВА