Өскемен қаласы Куратов көшесіндегі жер үйлердің маңындағы тоғай ішінде қоқыс толып жатыр, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, тоғай ішіндегі қоқыстың шығарылмай жатқанына талай жыл болыпты.
– Жағымсыз иіс әбден мезі қызды. Сол жерді қаңғыбастар мекен еткен. Қоқыстың шығарылмай жатқанына бірнеше жыл болды. Бұған кім жауапты?!, – дейді көше тұрғыны Айгерім Салықбаева (аты-жөні өзгертілген).
Өз сөзінде ол аталған аумаққа бейнебақылау камерасын орнатып, қоқысты шашқандарға айыппұл салу қажеттігін жеткізді.
Осы орайда біз де Куратов көшесіндегі жер үйлердің маңайындағы тоғайға барып көрдік. Расымен де сол жерде қоқыс тау боп үйіліп жатыр екен.
Нұрсұлтан Төлеу