Өскемендегі мектептер мен балабақшаларда жөндеу жұмыстары басталды

444
көрілім
Шартты фотосурет

Өскеменде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 25 білім беру мекемесінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, жөндеу жұмыстары кезінде ерекше қажеттіліктері бар балалар оқитын білім ордаларына баса назар аударылмақ.

– Мәселен, инклюзивті білім беретін мектеп-интернат жөнделіп жатыр. Себебі балаларға оқуға ғана емес, сол жерде тұру үшін де қолайлы жағдай жасау қажет. Бұдан бөлек, сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған №62 балабақшада күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынған, - делінген хабарламада.

Жалпы, бағдарлама шеңберінде шаһардың 17 мектебі мен 7 балабақшасы жөнделеді. Сондай-ақ Жас техниктер стансасының ғимаратында да тиісті жұмыстар атқарылуда.