Аталған шараға поэзия мен әдебиеттің өңірдегі белді өкілдері, қала тұрғындары қатысуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кітапхана қызметкерлерінің айтуынша, еліміздегі көрнекті ақынымен жүздесу келген меймандардың қайсысына болса да рухани азық. Көпшілік оны сөз қадірін өз қадірім деп түсінген ақын ретінде ғана білсе, ұлт жанашыры ретінде сіңірген еңбегін өз алдына айтып жатты.
Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте иегері Шығыс топырағынан шыққан ақын-жазушылардың шоқтығы биік екенін, өнер десе немқұрайлы қалмас тұрғындарын да тілге тиек етті. Тіпті кей меймандар Жүрсін Ерман мен жазушы Оралхан Бөкейдің аралас-құралас болғандарын айтып жатты. Шара барысында "Шабыт" ақындар мектебінің дарындары ақынның поэзиясын жырлап, өнер сүйер қауым жүрегіне қара өлеңмен жол тартуда.