Облыс орталығындағы Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапханада Наурызды NEO Digital форматында қарсы алды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
17 наурыз күні руханият ошағында ерекше шара өтті. Наурызды жаңа форматта қарсы алғысы келген қала тұрғындары кітапханаға сағат 18.00-ден жинала бастады. Келушілердің дені жастар мен балалар болды.
Оларға виртуалды әлемдегі кескіндеме шоуы, қазақтың ұлттық киімінің цифрлық көрсетілімі, Наурыз туралы кітап көрмесі, «Қазақ қол өнері» шеберлік сабағы, театрландырылған қойылым және аквагримм ұсынылды. Ең бастысы - бәрі тегін.
- Маған VR-көзілдірік қатты ұнады. Басқа әлемге еніп кеткендей боласың. Енді кітапханаға жиі келіп тұрамын, - дейді Ерхан есімді 10 жасар шаһар тұрғыны.