Полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
- 18 желтоқсан күні 20 жастағы бойжеткен полицияға шағымданды. Оның айтуынша, 9-10 желтоқсан аралығында біреу пәтерінен қолдан жасалған тербелмелі креслоны, сондай-ақ әмияннан 10 мың теңгені ұрлап кеткен, - деп хабарлайды ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Келтірілген шығын мөлшері 160 000 теңгені құрады.
- Ұрлық жасады деген күдікпен 1998 жылғы қала тұрғыны ұсталды, - дейді баспасөз қызметіндегілер.