Әлеуметтік желіде «Әлем» сауда үйіне келушілер түсірген материалдар тарап кетті. Суреттерде байқалғандай тақталардың көбінде марқұмдардың суреттері бар, деп хабарлайды Buqara.rz сайтының тілшісі.
Әлем» сауда үйінің келушілері аталған жайтты растаса да, оған материалдарды сатып алып, жөндеу жұмыстарын атқарған мердігер жауапты екендігін жеткізді.
– Сауда үйіне жөндеу жұмыстары жүргізілген. Шаң-тозаңнан тақталарды көру мүмкін болмады. Тек жөндеу жұмыстарының соңына қарай ғана бұл келеңсіздік байқалды, – деді сауда үйінің әкімшілігі.