13 тамызда саяжайлардың бірінің шетінен 45-50 жас аралығындағы әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Денеде «көзге көрінетін жарақаттар» болған.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалды.
Әйелді өлтірген күдікті әлі табылған жоқ.
Полицейлер дененің қай бау-бақша серіктестігінде табылғанын айтпады. Алайда қала тұрғындары полиция қызметкерлерінің бірнеше күн бойы Прохладная ауданындағы саяжайлар мен «Турист» автобазасын күзетіп жатқанын жеткізді.