Көлік басқармасы өкілдері «Сергек» камерасы өшірілгелі көшелерді бақылау тәртібі қалай өзгергенін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жүйеге жауапты компаниямен келісімшарт біткелі тиісті конкурс жүргізілген. Олардың ақпаратынша, қазір жаңа қызмет жеткізушіге жүйені қабылдау және тарату бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Қала тұрғындары тәртіп бұзылғаны жөнінде ескертулер келмегенін айтып жатыр. Сондай-ақ «Көркем Телеком» провайдері компания жұмысы тәмам болғалы камераға арналған арна байланысын өшіріп тастаған. Алайда көлік департаментіндегілер камералардың жұмыс істеп тұрмағандығын растамады.
– Жүйе жұмыс істеп тұр, бейнелер сақталуда. Камера арнасы реттелген соң түсіп қалған бейнелерді тәртіп сақшылары сараптайтын болады, – деді олар.
Мәлім болғандай, жаңа жоба аясында бейнекамералар саны 5,8 мыңға дейін артпақ.