Жерүсті өтпе жолының құрылысына байланысты ЖМК ықшам ауданының бас жолымен көлік жүргізушілері уақытша жүре алмайды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
«13 қазан жексенбі күні сағат 7:00 ден 18:00-ге дейін жерүсті жаяу жүргіншілер жолының тұрғызылуына байланысты Сәтбаев даңғылындағы жеңіл атлектика орталығы маңында көлік қозғалысы тоқтайды» деп жазды қала басшысы Жақсылық Омар өзінің инстаграмм парақшасында.
«Ертіс көпірінен қозғалыс "Фрешмаркеттің" сыртына айналма жол арқылы Жастар көшесіне (бұрынғы Комсомольская көшесі) шыға отырып жүзеге асырылады. ЖМК ықшам ауданынан жүргізушілер Байбатчин көшесі және Самар тасжолы арқылы әрі қарай Базовый көшесіне қарай қозғалады. Қоғамдық көліктер бұрынғы бағыт бойынша жүре береді. Автобустар мен шағын автобустар үшін жеңіл атлетика орталығының алдындағы тұрақ аймағында арнайы өтпе жолдар көзделеді. "Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз" делінген жазбада.