Шығыс Қазақстан облысында ерекше дизайнды ғимараттар салынбақ. Бұл жайлы облыс әкімдігінде өткен жиналыс барысында айтылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Бұл жобаларды «Сәт Транс» құрылыс компаниясы әзірлеген. Гүл жапырағы тәріздес 3 үй Өскемен қаласындағы Сәтпаев даңғылында салынады. Жиналыс барысында аймақ басшысы Даниал Ахметов сол ғимараттардың талапқа сай салынуы қажеттігін тағы бір мәрте атап өтті.
Айта кету керек, биылғы жылдың аяғына дейін өңір бойынша 360 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек. Ал қазіргі таңда 127 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп қойған болатын.