Өскемендегі Сәтпаев және Жібек жолы даңғылдарында жерүсті өткелі салынуы мүмкін

831
көрілім

Облыс әкімі Даниал Ахметов Өскемен қаласының көшелеріне күрделі жөндеу жүргізу жұмыстарына қатысты жиын өткізді. Мәслихатқа облыс орталығының көшелерін кеңейту және жөндеу жұмыстарына жауапты жобалаушы мамандар қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, биылғы жылы Өскемен қаласының көшелерін жөндеу жұмыстары жылдағыдан ауқымдырақ жүргізіледі. Алайда мамандар жобалық-сметалық құжаттарды уақытында өткізбеген. Бұл бағыттығы жұмыс жүргізіліп жатқанымен, жоспардан кешігіп қалған. Облыс әкімі әр жолдың жөнделуіне бақылау жүргізіп, сәйкесінше тапсырма жүктеді.

Сонымен қатар, мәслихатта Сәтпаев және Жібек жолы даңғылдарына жерүсті өткел тұрғызу туралы мәселе қаралды. Бұл жоба іске асса қозғалысқа біршама оң әсерін тигізбек. Құрылымды жел мен суықтан қорғайтындай етіп жасау жоспарланып отыр.

Мейрамбек Қосажан