Облыс орталығындағы Солжағалау саябағының зообағы күйкентайдың балапандарымен толықты. Тұрғындар құстың балапандарын жақында өңірде орын алған қатты дауылдан соң Бұқтырма суқоймасының жағалауынан тауып алған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Yk-news.kz сайтына сілтеме жасап.
Қуанышқа орай, балапандар табиғи апат кезінде жарақат алмаған екен. Мамандар ағаш үйшіктері бар арнайы темір торлы жайларға орналастырылған балапандарға қазіргі уақытта төнер қауіптің жоқ екенін айтуда.
— Балапандардың қанаттары тез қатайып, жақын арада ұядан ұшады. Бірақ бізге әкелінген құс палапандары әзірге ұшуды білмейді. Кішкентай күйкентай өте ақылды болып келетіндіктен, жайсыз ауа райына тез бой үйретіп, адамдарға тез бауыр басады, — делінген мұражай-қорықтың баспасөз мәлімдемесінде.