Өскемендегі техникалық университетте заманауи спорт кешені ашылды

726
көрілім

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың бірінші жатақханасының аумағында бірегей спорттық-сауықтыру кешенінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ашық жазғы спорт кешені бірден бес аймақты, атап айтсақ, стритбол, мини-футбол, үлкен теннис, воркаут алаңы және жағажай волейболына арналған екі алаңды біріктіреді.  Спорт кешенінің ресми ашылу салтанаты ҚР Ғылым және жоғары білім премьер-Министрі Қуаныш Ерғалиев, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Денис Рыпаков және «Қазцинк» ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі Атқарушы директоры Андрей Лазаревтің қатысуымен өтті. Сонымен қатар, салтанатты шараға Қазақстанның атақты спортшылары – Ольга Рыпакова, Денис Уланов және Сана Анаркулова қатысты.

- Инженерлік кадрларды толық даярлау үшін Ғылым және жоғары білім министрлігі кәсіби дағдылар мен құзыреттерді қалыптастыру мәселелеріне ғана емес, жас қазақстандықтың үйлесімді дамуы мәселелеріне де ерекше көңіл бөледі.  Ашылған жаңа кешен спортпен айналысуға, бос уақытты тиімді өткізуге мүмкіндік береді және белсенді демалыстың сүйікті орнына айналатынына кәміл сенемін, - деді вице-министр Қуаныш Ерғалиев.

Жоба ЖОО-ның сенімді және стратегиялық серіктесі – «Қазцинк» ЖШС-нің демеушілік қолдауымен жүзеге асырылды. Кәсіпорын 53 млн теңге бөлді.

- Университетпен бірге біз компаниямызға ең жақсы қызметкерлерді – өз ісінің нағыз кәсіби мамандарын дайындаймыз. Университеттің оқытушылар құрамымен бірлесіп бірегей ғылыми және білім беру жобаларын іске асырамыз. Біз өз кезегімізде студенттер үшін әр түрлі бастамаларды әрқашан зор ынтамен қолдаймыз. Жаңа кешен жастардың бос уақытын дұрыс бағытта әртараптандырып, студенттердің белсенді демалысы үшін сүйікті орынға айналатынына сенімдімін, - деп атап өтті «Қазмырыш» ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі Атқарушы директоры Андрей Лазарев.

Салтанатты рәсімге келген қонақтар студенттерге қажетті спорттық құрал-жабдықтар: доптар мен ракеткаларды табыс етті.