Өскеменде Ұлттық ұланның “Шығыс“ өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің полк (батальон) сержанттарымен оқу-әдістемелік жиын өтті.
Сержанттарға қоян-қолтық ұрыс әдістерін меңгеру бойынша сабақтар, төзімділікті жетілдіретін 1000 м қашықтыққа жүгіруден сынақтар қабылданды. Сондай-ақ жиынға қатысушылар жауынгерлік даярлық, саптық және ату даярлықтары бойынша сабақтарды ұйымдастыру тәртібі жөнінде әдістемелік дайындықтан өтті. Сержанттар келісімшарт бойынша әскери қызмет атқаруды реттейтін және жауынгерлік даярлық жөніндегі басшылық құжаттар бойынша өз білімдерін көрсете білді.
- Жиынның мақсаты - сержаттар құрамының кәсіби даярлығын арттыру, қызметтік құжаттармен жұмыс дағдыларын жетілдіру - дейді "Шығыс" ӨңҚ сержанты Арман Жөргекбаев.
Жиын барысында сержанттар ату даярлығы, қаруды меңгеру тәртібі бойынша өз шеберліктерін шыңдап, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Оқу-әдістемелік жиын қорытындысы бойынша үздік деп танылған сержанттар "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының грамотасымен марапатталды.
Бағдат Амангелді,
"Шығыс"өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі бастығы