Өскемен қалалық «Защита» мешіті ораза айт мейрамы кезінде «Айттық бізден болсын» атты қайырымдылық шарасын өткізді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Шара барысында облыс орталығындағы 30 мұқтаж отбасыға 1 тонна азық-түліктің көмегі көрсетілді. Қайырымдылық көмегімен қамтылған отбасылар аталған мешіт ұжымына өз ризашылықтарын білдірді.
– Біз айт мейрамында осындай ірі қайырымдылық шарасын өткізіп отырмыз. Айт мерекесі жалпы қауым қуанышқа кенелетін мереке. Айт мейрамында мұсылмандар мұқтаждарға қуаныш сыйлап, аз болса да жәрдем етсе зор сауап болады, – деп атап өтті «Защита» мешітінің бас имамы Алмас Кенжеғұлов.