Өскемендегі жаңа желілік үдеткіште 60-қа жуық науқас сәулелік терапия алуда

506
көрілім

ШҚО онкологиялық диспансерде орнатылған жаңа желілік үдеткіш өткен жылдың желтоқсан айында іске қосылған.

60-қа жуық науқас сәулелік ем алып, олар 1000-ға жуық жоғары технологиялық сәулелік терапиядан өткен.

Мәселен, осы айда Алтай қаласының тұрғыны соңғы үлгідегі желілік аппарат арқылы сәулелік терапияны ала бастады. 51 жастағы науқастың ендігі басты мақсаты – сапалы ем қабылдап, дертті жеңу.

- Науқас 2021 жылдан бері біздің орталықта диспансерлік есепте тұрады. Қазіргі уақытта ол Elekta Versa HD сызықтық үдеткіші арқылы операциядан кейінгі сәулелік терапия курсын алуда. Жоспарланған ем – сәулелік терапияның 25 сеансы. Болашақта радиациялық емнен кейін науқасты Онкологиялық диспансерде, тұрғылықты жері бойынша онкологтар бақылайды, - деді радиациялық онкология бөлімінің меңгерушісі Әйгерім Темірханова.