15-шілде күні Б. Александров атындағы Спорт сарайы маңындағы жерүсті өткелі аумағында секем тудырар сөмке табылған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Соны алғаш көрген тұрғындар бірден полицейлерге хабар берді.
- Оқиға орнына барған құқық қорғау органдарының қызметкерлері тиісті қадамдарға сәйкес әрекет етті. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аймақты қоршауға алдық. Арнайы мамандар аялдамада күдік тудырған сөмкені тексеру барысында қауіпті заттарды таппады. Қырағы қала тұрғындарына алғыс айтамыз, — деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.