Өскемендегі ЖМК ықшам ауданында жарық апаттық жағдайда өшірілді

1043
көрілім
Шартты сурет

Қазір апаттық бригада зақымданған жерлерді тексеріп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
– Сәуірдің 4-нен бастап Жібек маталар комбинаты ықшам ауданында апаттық жағдай салдарынан Сәтпаев даңғылы, Жастар, Өтепов көшесінде жарық сөндірілді. Қазіргі уақытта арнайы апаттық бригада сол маңда жұмыс істеп, зақымданған жерлерді тексеруді бастады,- деді қалалық ТҮКШ, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөліміндегілер.