Өскемен қаласындағы Жылу электр орталығынан шыққан өрт толық сөндірілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО ТЖД хабарлауынша, өрт сағат 11:52 кезінде өшірілген.
– Өрт сағат 11:00 шамасында шыққан. Құтқарушылар уақтылы жұмыс атқарды, – дейді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ержан Қоңырбаев. – Айналаға төніп тұрған қауіп жоқ. Арнайы қызметтегілер істің мән-жайын анықтайды.
Оқиға орнында Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы жүр. Мамандарға тілсіз жаудың қайдан шыққанын анықтау міндеті жүктелген. Олармен бірге полиция да оқиғаның себебін анықтауда.