Бұл туралы ШҚО табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Қайрат Оразбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыс орталығында өткен жиында электр энергиясын төлеу кезіндегі келеңсіздіктер, осы бағытта тұрғындар тарапынан түсетін шағымдар туралы айтылды. Қайрат Назарұлының сөзінше, қала халқына тұтынып отырған судың төлемі жайлы ескертулер дер кезінде келмейді. Соның салдарынан құзырлы мекемелердің жұмысына жұрттың көңілі толмауда. Бұл ретте Қайрат Оразбаев "Өскемен Водоканал" КММ қаржы директоры Индира Нұрсәбитоваға төлемдерді қабылдауда қырағылық танытуды тапсырды.
– Көбінесе қарт адамдар наразылықтарын білдіреді. "Өскемен Водоканал" мекемесінің басшылығына айтарым: кім уақтылы төлемей жүр, сол мекенжайларға бір апта бұрын ескерту жіберсеңіздер жөн еді. Тұрғындардан келіп түскен шағым орынды. Сіздер айыппұл белгілеу үшін жұмыс істемеулеріңіз қажет. Заман дамып келеді, жағдайды ушықтырмай, әр нәрсеге жауаптылық танытқан жөн, – деді ол.
Нұрбек АСҚАРОВ