Өскемендік Светлана Коркошко Ертіс жағалауында үй жануарларымен жиі серуендесе де, жол-жөнекей демалушылар қалдырған қалдықтарды жинап, қоқыс жәшігіне тастап отыруды әдетке айналдырған. Өзінің айтуынша, айналаны қоқыстан тазарту мақсатында белсенділер тобын бір кеште құрған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Табиғат жанашыры Аблакетка шағын ауданының тұрғыны. Сөзінше, соңғы уақыттары тұрғындар жүрген жерінің тазалығын сақтауды мүлде естерінен шығарған.
– Аудан кішкентай. Мен сияқты көптеген адамдарды білемін, олар жағалауға келгенде арнайы қоқыс жинайтын сөмкелерімен келеді. Бірде әлеуметтік желіде топ құрдуды жөн санап, барлық белсенділерді қаланы қоқыстан тазалауға шақырдым. Осылайша, «Аблакетка таза жағалауы» тобы құрылды, – дейді Светлана.
Өз аймағында тәртіп орната отырып, белсенділер қызмет аясын қалалық демалыс орындарына дейін кеңейтуге шешім қабылдады және жергілікті тұрғындар арқылы тазалауға көмектескісі келетіндердің барлығын топқа шақырды. Сол күні оларға ондаған волонтер қосылады. Сөйтіп олар өздерінің алғашқы сапарларын
Астана көшесі маңындағы жағалаудан Ертіске дейін бастау туралы шешім қабылданды. Еріктілер өте көп екені белгілі болды. Алғаш рет 12 адам келді, олар бірнеше сағат ішінде 111 қап қоқыс жинады.
– Келесі жолы адамдар көп болды. Содан кейін біздің топ Бұқтырма су қоймасы мен «Окуньки» көлінің жағалауларын тазалауға шақырылды. Жалпы алғанда, төрт рейд барысында біз 300 қаптан астам қоқыс жинадық, - деп атап өтті Светлана Коркошко.
Оның айтуынша, тазарту алдын-ала жоспарланып отырады. Олар орын мен уақытты таңдайды және қоқыс шығаратын компаниялармен жиналған қалдықтарды полигонға уақтылы шығару туралы келісім жасайды.
Белсенділер игі іске мүмкіндігінше көп адамдарды тартуды және оны бүкіл Шығыс Қазақстан бойынша ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Ол үшін олар, табиғаттың адамдар келіп кеткеннен кейін қандай өзгеріске ұшырайтынын бейнелейтін баннер әзірлеуде. Сондай-ақ қоқыс үйінділерімен жалғыз күресетіндерді өз тобына шақырмақ.