Өскемендік ерлі-зайыптылар алаяқтықтың құрбаны болды

240
көрілім
Шартты фотосурет

Қазан айының 18-і күні Өскемен қаласының полиция басқармасына 31 жастағы ер адам жүгінді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Анықталғандай, ол мамыр айынан тамыз айына дейінгі уақыт аралығында сеніміне кірген досы 2 млн теңге мөлшерінде қарыз алып, сол беті қайтармағанын айтқан.

ШҚО Полиция департаментіндегілердің мәліметінше, алаяқ 500 мың теңгеге жуық бастапқы соманы қолхатпен алған, ал біраз уақыттан кейін қайта келіп, әйеліне шұғыл операция қажет деп несие ресімдеуді сұраған. Досының өтінішіне келіскен ол қала банктерінің бірінде өз атына 1 500 000 теңге сомасына несие ресімдеген. Келтірілген шығын шамамен 2 миллион теңгені құрады.

Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде полицейлер бұрын сотталмаған, жұмыссыз, қаланың 32 жастағы жергілікті тұрғыны болып шыққанын анықтады.

- Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190 – бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, оның санкциясы 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев