Өскемендік «IN CORO» тобы «Жас қанат-2017» байқауында үшінші орынға ие болды

773
көрілім

«Жас қанат-2017» республикалық жас орындаушылар байқауы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі bnews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Жас қанат-2017» ХХVІ жас орындаушылар байқауы көрермен көңілінде естен кетпес драйвпен қатар, формат тұрғысынан өзгерістермен есте қалды. Биыл әділқазылар мен қатысушылар арасында еркін әңгіме алаңы құрылды, сұрақтар қойылды, әр қатысушыға жеке-жеке ақыл айтылды.

«Алтын қанатқа» ие болу жолында 5 финалист: атап айтқанда Анель Смаилова (18 жаста, Талдықорған), Бүркіт Жанай (20 жаста, Петропавл), «IN CORO» тобы (Өскемен), Томирис Жанғызұлы (15 жаста, Алматы), Мадияр Бахтияров (28 жаста, Павлодар) бақ сынасты. Әділқазыларға үлкен жауапкершілік жүктелді, себебі олар ең-ең деген қатысушыны таңдауы қажет еді. Ақырында, жеңімпаздардың есімдері белгілі болды.

«Жас қанат-2017» ХХVІ жас орындаушылар байқауының жеңімпаздары:

«IN CORO» тобы – үшінші сыйлық, яғни, «қола қанаттың» иегерлері;

Бүркіт Жанай – екінші сыйлық, яғни, «күміс қанаттың» иегері;

Мадияр Бахтияров – байқау жеңімпазы, бірінші сыйлық, яғни, «алтын қанаттың» иегері.

Фотосурет: informburo.kz