45 мыңға жуық оқушы қала көшелеріне шықты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жазғы демалыстан кейін 48 қалалық мемлекеттік және үш жекеменшік мектеп бүгінде оқу жылына сақадай сай. Мектепте 1-11 сынып аралығындағы 44 260 бала оқитын болады.
Оның ішінде бірінші сынып оқушылары – 5462 адам. Бұл туралы қалалық білім бөлімі хабарлады.
Бүгінде қаладағы барлық мектептерде мұғалімдер, оқу ісінің меңгерушілері, директорлар оқушыларды жылы шыраймен күтіп алуда.