Өскемендік полицейлер мас жүргізушіні тоқтатты

907
көрілім
шартты сурет

Өскемен көшелерінде мас күйде көлік жүргізушілер толастар емес.  Жол бойында ұсталған  шығысқазақстандықтардың басым көпшілігі құжатсыз немесе ішімдік ішкен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Осындай жағдайлардың бірі 1 маусымда Өскеменде тіркелді.

Жаздың алғашқы  түнінде жол бойынан тоқтатылған көліктердің бірін 37 жастағы азамат мас күйде тізгіндеген. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері көше қозғалысын бақылау барысында сағат 23:30-дар шамасында  "ВАЗ-21144" көлігін тоқтатты. Тексеру барысында ер адамның 2021 жылдың наурызынан бастап сот көлік жүргізу құқығынан айырғаны белгілі болды. Айтуларынша, жеті жылдан кейін ғана көлік жүргізу құқығы бар. Сонымен қатар азамат орта деңгейде спирттік ішімдік қолданған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, көлік аранайы тұраққа қойылды. 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі “Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы"бабы бойынша  сотқа дейінгі тергеу басталды.