Бүгін облыс орталығында қалалық Полиция басқармасына қарасты ауданды қоршауға алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оған себеп болған оқу-жаттығу минасы. Қала тұрғыны оны өз еркімен әкеліп, тәртіп сақшыларына өткізбек болған.
– Қауіпсіздік үшін Қабанбай батыр көшесіндегі қозғалысты тоқтатуға тура келді. Қазір жағдай тұрақталды. Снаряд оқу-жаттығу минасы болып шықты, – деді ШҚО ПД баспасөз қызметінің мамандары.
Олардың айтуынша, мұндай жағдайларда мамандарды қауіпті зат сақталған мекенжай бойынша шақыртқан жөн.