Өскемендік полиция қызметкерлері мемлекетаралық іздеуде болған күдіктіні ұстады

417
көрілім

Осы жылдың қаңтар айында Өскемен қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері бөтеннің мүлкін ұрлауды алдын алу мақсатында жүргізген жұмыстары барысында Үлбі ауданында бірнеше ұрлық әрекетін жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген 1974 жылғы күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Қазір күдіктінің 10 шақты ұрлық дерегіне қатыстылығы анықталуда.

Қаңтар айының бас кезінде Үлбі ауданына қарасты бірнеше тұрғынның көлікжайлары тоналғаны жайында шағымдар тіркеген болатын. Үйдің ауласындағы көлікжайда сақталған тұрмысқа қажетті заттардың ұрлану дерегі бір тектес, яғни белгісіз біреу көлікжайдың құлпын бұзып кіру арқылы электрлі ара, перфоратор, дрель сынды аспаптарды қолды етіп отырған.

- Барлық деректер бойынша тұрғындарға 1 миллион 200 мың теңге көлемінде шығын келтірілген. Қазір күдікті Өскемен қаласы Полиция басқармасының уақытша тергеу изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексі 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деді Өскемен қаласы Полиция басқармасының бастығы Даур Ибраев.