Өскемендік семсерші Әлем кубогінде топ жарды!

2106
көрілім

Жерлесіміз Богдан Лукин Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен әлемдік жарыста үздіктер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтыны тілшісі.
Спортшымыз жасөспірімдер арасында сынға түсті. Ресми мәліметтерге сүйенсек, сайыс семсерлерсудің екі түрінен өрбіді. Жасөспірімдер семсер сілтесе, бұрымдылар рапирадан кіл мықтыларды анықтады.
Жарыстың алғашқы күні-ақ жолындағысын тегіс түйреп өткен Лукин алтын медальды мойынға тақты. Іріктеуден сәтті өтіп, жартылай финалда Мысыр елінің мықтысы Шамель Юссефпен шеберлік байқасты. Ол болса бірден ашық айқасқа көшкен. Богдан қорғанысты ұмытқан Шамельді қарымта шабуылда қапы қалдырып, қорытындысында 15:7 есебімен айқын ұтты. Шешуші сында жергілікті спортшы Мейрхан Тимуровпен жолықты. Жартылай финалдағыдай айқын жеңіске жету қиын еді, Тимур едәуір әккі семсерші. Десе де әркез жылдам қимылдап отырған Лукин 15:12 есебін сақтап, көршілес елде көк байрағымызды көкке көтерді. Ал келесі күні командалық сында қола медаль иеленді.
Айта кетейік, жерлесіміз семсерлесумен 2014 жылдан бері айналысып келеді. Алғашқы бапкері Геннади Щелоков.